Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әблязов Ресейде сырттай 15 жылға сотталды

Опубликовано:

Мұхтар Әблязов
Фото: inbusiness.kz

Мәскеудің Таган аудандық соты Мұхтар Әблязов пен "БТА банкінің" өзге де топ-менеджерлеріне қатысты шешім шығарды - олар сырттай ұзақ мерзімге сотталды. Қазір сотталушыларға іздеу жарияланды.

Сот шешімі туралы Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Үкім жеті адамға шығарылды. Нақтырақ айтсақ, "БТА Банкі" АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовқа, банктің басқарма төрағасы Роман Солодченкоға, сондай-ақ олардың қарамағындағылар Артур Трофимов, Игорь Кононко, Татьяна Параскевич, Анатолий Ерешенко мен Александр Удовенкоға қатысты сот үкімі шыққан.

Олар "Алаяқтық", "Қылмыс жасау жолымен мүлікті заңдастыру" және "Ұйымдасқан топтың алдау жолымен ерекше ірі залал келтіруі" баптары бойынша сотталды.

Сот шешімімен Әблязов сырттай 15 жылға, Кононко 10 жылға, Ерешенко мен Удовенко 13 жылға, Параскевич 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сот "БТА банкінің" 173 миллиардтан астам рубльге қатысты азаматтық талаптарын қанағаттандырды.

Сот 2006 жылдан 2009 жылға дейін үш жыл ішінде Әблязов өзінің қарамағындағылармен бірге банктен 58 миллиард рубль, яғни 330,3 миллиард теңгені ұрлағанын анықтады.

"Осы мақсатта олар қарыз қаражаттарымен алынған жер учаскелерін кепілге қою арқылы несие берді. Кейіннен Әблязов ипотека шарттарын заңсыз бұзуды ұйымдастырды, ал банк кепілге салынған заттар бойынша өндіріп алу мүмкіндігінен айырылды, ал сыбайластары мүлікті өз қалауы бойынша пайдаланды", - деп жазады басылым.

Тергеу барысында Әблязов пен басқа сотталғандардың барлық есепшоттары, акциялары, жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктері бұғатталды. Бұғатталған мүліктің жалпы сомасы, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының мәліметі бойынша, 24 миллиардтан астам рубльді, яғни 136,7 миллиард теңгені құрады.

Бүгінде сотталушылар іздеуге жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891423-blazov-resejde-syrttaj-15-zylga-sottaldy/

pixel