RU

COVID-19: Қай уақытта елімізде екінші толқын басталды деп санауға болады

Коронавирус
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирустың екінші толқыны қай кезде басталады деп айтуға болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Шоранов екінші толқынның басталуына қатысты сұраққа орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте жауап берген.

"Біз болжам жасағанда ауруханалардағы бос орындарды ескереміз. Негізі, төсек-орындардың 70 проценті толатын болса, сонда коронавирустың екінші кезеңі басталды деп санаймыз", – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі COVID-19 таралауының шарықтау шегі шамамен желтоқсан-қаңтар айында болатынын болжаған еді. Қуанышқа орай, эпидемиологиялық жағдай жақсарған.

7 желтоқсан күні онлайн брифинг барысында Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жасаған мәлімдемесіне сәйкес, елімізде коронавирус таралуының шарықтау шегі қаңтардың аяғына және ақпанның басына келетіні болжанған.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.

Шоранов тұрғындарды адамдар жаппай жиналған жерге бармауға, ұжымдық кештер мен өзге де шаралар ұйымдастырмауға, коронавирусқа қарсы алдын алу шараларын сақтауға, қауіп-қатер тобындағы туыстарды қашықтан құттықтауға шақырған болатын.

Вице-министрдің сөзінше, мерекелер еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус өсімінің бақылаудан шығуына себепкер болмауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891424-koronavirusty-ekinsi-tolkyny-kasan-bastalady-vice-ministr-zauap-berdi/