Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

5 айлық сәбидің бауырын ауыстырып берген қазақ дәрігері жайлы шетелдік БАҚ жарыса жазуда

Опубликовано:

Дәрігер
Скриншот: facebook.com / akimat.shymkent

Беларусь елінде 5 айлық сәбидің бауырын ауыстырып берген қазақ дәрігері, трансплантолог Рахымжан Үмбетжанов Қазақстанға ғана емес, көрші елдерге де танылып үлгерген. Жас маман жайлы Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі Facebook парақшасында жазды.

31 жастағы Рахымжан Үмбетжанов Шымкенттегі № 1 қалалық клиникалық емхананың гипатобилярлы хирургия және трансплантология бөлімінде бірінші санатты хирург-дәрігер, трансплантолог болып жұмыс істейді.

Алматы қаласындағы Асфендияров атындағы медицина университетінде білім алған азамат кейіннен Беларусьтің Минск қаласында трансплантант бойынша клиникалық ординатура мамандығы бойынша оқуын жалғастырып, білімін шыңдай түседі.

Рахымжан Үмбетжанов Шымкентте үш жылға созылған дәрігерлік қызметі барысында 173 туыстық трансплатациялық ота жасауға қатысып үлгерген. Оның ішінде 150 ота бүйреке жасалса, 23-і бауырға жасалды.

Дәрігер
Фото: facebook.com / akimat.shymkent

Ақ халатты мұнымен тоқтап қалмай біліктілігін шыңдай түсу үшін мемлекеттік бағдарлама аясында Минск қаласына аттанады.

Онда бес айлық бүлдіршінге бауыр трансплатациясы отасын жасап шығады. Қазақ дәрігері жасаған отаның сәтті аяқталғаны Минск бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше назарына іліккен. Олар бұл туралы жаңалықты жарыса жазды.

Рахымжан Үмбетжанов беларусь әріптестерінен ағзаны трансплантацияға дайындайтын гепатобилярлы әдісті үйренгенін айтады.

Ол алдағы уақытта тәжірибесін іс жүзінде шыңдай отыра, еліміздің медицинасын әлемдік деңгейге жеткізсем деп армандайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891440-5-ajlyk-sbidi-bauyryn-auystyryp-bergen-kazak-drigeri-zajly-seteldik-bak-zarysa-zazuda/

pixel