Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте төрт айдың ішінде 11 көлік ұрлаған адам ұсталды

Опубликовано:

Автоұры
Көрнекі фото: Sputnik / Константин Чалабов

Шымкентте "Нексия" көліктеріне қырғидай тиген адам ұсталды. Күдікті бас-аяғы төрт айдың ішінде 11 көлікті ұрлап, оның үшеуін әлеуметтік желі арқылы сатып жіберген деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Автоұры дабылы жоқ көліктерді аңдып қаладағы бейнебақылау камерасы орнатылмаған аулалардан айдап кетіп отырған.

Арам пиғылын көбінесе жұрт шырт ұйқыда жатқан таңғы сағат 4-6 арасында жүзеге асырып келіпті. Көліктердің есігін кәдімгі сызғышпен-ақ ашып отырған.

Ұрланған көлікті өз тұрағына жеткізген соң, интернет арқылы Ресей Федерациясының жалған нөмірлерін алдырып, ашық саудаға шығарған.

Қазір уақытша қамау абақтысында отырған күдіктінің сыбайластары іздестіріліп жатыр.

"Ұрлап алған соң басқа адамдарға сатылған 6 көлікті полиция тәркілеп, иесіне қайтарып берді. Екі автомобиль бөлшектеліп сатылған. Қалған үш автокөлік әлеуметтік желі арқылы сатылған. Қазір оларды іздеу жұмысы жүргізілуде. Тергеу жалғасып жатыр", - дейді ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында екі жасөспірім Toyota Camry көлігін ұрлап кеткенін жазған едік.

Райымбек ауылының 33 жастағы тұрғыны үйіне шай ішу үшін кірген кезде, оның Toyota Camry жеке автокөлігін бәзбіреулер ұрлап кеткен. Ер адам бірден Қарасай аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жүгінген.

Тәртіп сақшылары бір сағат ішінде ұрланған көлікті автокөлік базары маңында тоқтатқан.

Полицияның мәліметінше, салонда Алматыда тұратын 14 жастағы екі жасөспірім отырған.

Олар ұрлық жасағандарын мойындап, көлікпен тек қыдырғысы келгендерін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891446-symkentte-trt-ajdy-isinde-11-klik-rlagan-adam-staldy/

pixel