RU

Қазақстандықтар Жаңа жылда қайда ұша алады

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында қазақстандықтар қай елдерге сапарлап бара алатыны белгілі болды деп хабарлайды Zakon.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 19 бағыт бойынша 12 елге қатынауға болады.

Олар:

  • Біріккен Араб Әмірліктеріне – 16,
  • Түркияға – 10, Өзбекстанға – 6,
  • Беларусь пен Германияға – 4 рейстен,
  • Мальдив аралдарына – 3,
  • Оңтүстік Кореяға,
  • Нидерландыға,
  • Мысырға, Ресей мен Қырғызстанға – 2 рейстен,
  • Украинаға – 1 рейс.

30 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында барлығы 54 халықаралық рейс жасалады.

Сонымен қатар мереке күндері ішкі рейстердің кестесі де сақталады. Ал ұшу уақыты мен күнін әуе компаниялары мен әуежайлардың сайттарынан нақты білуге болады.

"Халықаралық рейстерге қатысты ережелер мен шектеулер үнемі жаңартылып отырады. Сапар алдында оларды мұқият оқу керек", - деп жазады басылым.

Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандықтардың Жаңа жыл мен Рождествода неше күн демалатынын жазған едік.

Сондай-ақ ҚМДБ мұсылмандарға арналған 2021 жылдың діни мерекелер кестесін бекіткен болатын.

Одан бөлек синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мамандардың болжамынша, жалпы 2020-2021 жылдары қыс жылы болады және жауын-шашын көп түседі. Ал наурыз айында керісінше жауын-шашын мөлшері аз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891500-kazakstandyktar-zaa-zylda-kajda-sa-alady/