Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанда екі өңір "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды. Соңғы мәліметтер бойынша, "қызыл" аймақта екі өңір бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram арнасына сілтеме жасап.

Қазір "қызыл" аймақта Атырау және Қостанай облыстары, "сары" аймақта – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстары (соңғы екеуі бұрын "қызыл" аймақта болған) тұр.

Еліміздің қалған барлық өңірі "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 739 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 153 199-ға жетті.

Сондай-ақ Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ кезеңі басталды. Осы кезең аясында облыстың 1000 тұрғынына коронавирусқа қасы вакцина егіледі.

Ал отандық вакцинаны жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады.

Сонымен қатар денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады.

Шоранов тұрғындарды адамдар жаппай жиналған жерге бармауға, ұжымдық кештер мен өзге де шаралар ұйымдастырмауға, коронавирусқа қарсы алдын алу шараларын сақтауға, қауіп-қатер тобындағы туыстарды қашықтан құттықтауға шақырды.

Вице-министрдің сөзінше, мерекелер еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус өсімінің бақылаудан шығуына себепкер болмауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891521-koronavirus-kazakstanda-eki-ir-kyzyl-ajmaktan-sykty/

pixel