Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жаңа жылдық отшашу болмайды

Опубликовано:

Кһрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Астаналықтар жаңа жылдық отшашуды тамашалай алмайды - биыл елорда билігі одан бас тарту туралы шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, биыл елорда тұрғындары дәстүрлі жаңа жылдық от шашуды күтпеулеріне болады.

"Жаңа жылдық мерекелерді ескере отырып, барлық қала тұрғындарына санитарлық нормаларды, әлеуметтік қашықтықты сақтау, бетперде кию қажеттігін еске саламыз.

Жаңа жылдық мерекені тойлаймын деп ауруханадан бір-ақ шықпаңыз. Бұл шектеулерге түсіністікпен қараңыздар. Коронавируспен күресте көптеген айлар бойына алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне түсетін ауыртпалықты бір сәтте артуына жол беруге болмайды", деді әкімдіктің өкілдері.

Отшашудан бас тарту туралы шешімді не үшін қабылданғаны түсіндірілген жоқ.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жаңартылды.

Оған сәйкес, қазір "қызыл" аймақта Атырау және Қостанай облыстары, "сары" аймақта – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстары (соңғы екеуі бұрын "қызыл" аймақта болған) тұр. Еліміздің қалған барлық өңірі "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 739 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 153 199-ға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891524-nr-sltanda-zaa-zyldyk-otsasu-bolmajdy/

pixel