Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Теңізге коронавирусты Қытайлар таратты": Министрлік желідегі ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

мұнай өндіру
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде Теңізде коронавирустың өршуі Қытай азаматтарының кесірінен болды деген ақпарат пайда болды. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл сыбыстарға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Осы күнге дейін Теңіз кен орнында Қытай Халық Республикасының азаматтары мен қытайлық компаниялар тіркелген жоқ", делінген хабарламада.

Жалпы, пандемия басталғаннан бері Атырау облысында коронавирустың 11 633 жағдайы тіркелді, оның 4042 жағдайы Теңіз кен орнында анықталды. Аурудың 60 пайызы профилактикалық тексеру кезінде белгілі болған.

Теңізде вирустың таралуын болдырмау үшін жедел штаб құрылып, карантин күшейтілгені атап өтілді.

Тиісті мекеме ұсынған ақпаратқа сәйкес, Теңіз кен орнына кіру мен шығуды бақылайтын арнайы бекеттер бар.

Кезекшілікке келген қызметкерлер карантиндік стационарларға 7 күн орналастырылады, содан кейін ПТР тестілеуден өтеді.

Сонымен қатар, ПТР сынағы вахтадан шығар алдында 5 күн бұрын өткізіледі.

"Құрметті қазақстандықтар! Сіздерге әлеуметтік желілердегі айқын емес ақпаратқа бой алдырмай, тек ресми ақпарат көздеріне сүйенулеріңізді сұраймыз", делінген ведомствоның хабарламасында.

Комитеттегілер қасақана жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын жеткізуді ұмытқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1891541-teizge-koronavirusty-kytajlar-taratty-ministrlik-zelidegi-akparatka-pikir-bildirdi/

pixel