Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйықтай алмай жүрмін": Динара Сәтжан жазбасымен елді алаңдатты

Опубликовано:

Динара Сәтжан
Фото: Instagram/dinarasatzhan

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан желіде жариялаған жазбасымен елді алаңдатып қойды. Соңғы уақытта қоғамда орын алып жатқан бірқатар адамшошырлық жайттар ақпарат өкілінің жанына қатты батып, ұйқысын бұзған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан әлемде болып жатқан қатыгездікті жүрегіне жақын қабылдайтынын алға тартып, Instagram парақшасында қазіргі таңда қандай күйде жүргенін айтты.

Белгілі тележүргізуші соңғы кезде орын алған бірқатар жағаұстатарлық оқиғалардан кейін, түнде дұрыс ұйықтай алмай жүргенін жасырмады.

"Соңғы уақытта болған жағдайлар жанына қатты батты. Ұйықтай алмай жүрмін. Бір күн ішінде кішкентай сегіз жасар Аида мен тқрт баланың анасы 35 жастағы Айжамалдың өмірін сүріп тастағандай сезімдемін.
Әлем неге осындай қатыгез болып кетті? Жақсылыққа сенбейміз. Барлық орын алып жатқан оқиғалардан пиар іздейміз. Іс жүзінде кқмектескіміз келмейді. Әлеуметтік желіде ғана жазғымыз келеді. Бөтен адамдардың өміріне ешкім араласқысы келмейді. Алдымен өз өмірін реттеп алса" , - деп жазды Динара Сәтжан.

Желі қолданушылары ақпарат өкілінің жазбасына алңдаушылық танытып, оған барынша қолдау білдіруге тырысты.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда келіншек өз туған қызын аязды күні іш киіммен ғана далаға қуып жібергенін хабарлаған едік. Желіде жылап отырған бүлдіршіннің фотосы тарап кетті.

Кейін, елорда тұрғыны күн суықта баласын далаға киімсіз не себепті шығарғанын айтып, өз әрекетін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891552-jyktaj-almaj-zrmin-dinara-stzan-zazbasymen-eldi-aladatty/

pixel