Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тергеуге кедергі келтірген: Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері істі болды

Опубликовано:

істі болды
Көрнекі фото: inbusiness.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы лауазымды және басқа тұлғаларына қатысты тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Комитет 23 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды және басқа тұлғаларына қатысты тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 407-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

«Бұл тұлғалар қылмыстық процестің қатысушылары емес, Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің барысы мен нәтижелері туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты заңсыз жинақтау, беру және жариялау арқылы тергеуге кедергі келтірген», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәлімдеуінше, Қылмыстық-процессуальдық кодекстің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жарияланбайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Теңізде коронавирустың өршуі Қытай азаматтарының кесірінен болды деген ақпарат пайда болған еді.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл сыбыстарға қатысты пікір білдірді.

Ведомство бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Осы күнге дейін Теңіз кен орнында Қытай Халық Республикасының азаматтары мен қытайлық компаниялар тіркелген жоқ", делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891573-tergeuge-kedergi-keltirgen-densaulyk-saktau-ministrligini-kyzmetkerleri-isti-boldy/

pixel