Нұр-Сұлтанда дәрігерлер құрметіне айрықша ескерткіш орнатылды (фото)
Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда дәрігерлер құрметіне ескерткіш орнатылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ескерткіш тұғырда қолына өкпенің рентгенографиясын ұстаған дәрігердің мүсіні бейнеленген. Бұл өкпеге әсер ететін коронавирус инфекциясын меңзесе керек.

Жаңа ескерткіш Әуезов және Дүкенұлы көшесінің қиылысындағы жедел жәрдем ғимаратына қарсы орнатылған.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, бұл іспен "Сарыарқа" ауданының әкімдігі айналысқан. Алайда, ескерткіштің авторы кім екені белгісіз.
Айта кетейік, Испания денсаулық сақтау министрі Сальвадор Илла COVID-19-ға қарсы екпеден бас тартқандардың тізімі жасалып, Еуропалық одақ елдеріне берілетінін жеткізді.
Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, аталмыш тізім жұмыс берушілер мен қоғамға қолжетімсіз болады. Испанияда жаппай вакцинациялау басталды. Сальвадор Илланың айтуынша, вирусты жеңудің жалғыз жолы - барлық адамды вакцинациялау.
"Біздің еуропалық серіктестерімізге берілетін тізілім жасалады. Яғни вакцина салдыру ұсынылған және бұл ұсыныстан бас тартқан адамдардың тізімі", - дейді Илла.
Қараша айында Испания азаматтары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде вакцина қабылдаудан бас тартқан адамдар саны 47%-дан 28%-ға дейін төмендеген. "Біз күмәнді сейілтуге тырысып жатырмыз. Екпе адам өмірін құтқарады, бұл пандемиядан шығудың жолы осы", - дейді Сальвадор Илла.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891602-nr-sltanda-drigerler-krmetine-ajryksa-eskertkis-ornatyldy-foto/