Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "Әлем ханымы - 2021" байқауы өткізілуі мүмкін

Опубликовано:

тәж
Көрнекі фото: karavan.ua

Қазақстанда келесі жылы "Әлем ханымы" байқауы өтуі мүмкін. Бұл туралы конкурстың Қазақстандағы ресми өкілі Арай Әлімхан мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Негізі, байқау өткізу құқығы жеңімпаз елге беріле бермейді. Бірақ биыл конкурс онлайн өткендіктен, келесі жылы сіздерде өткізуге керемет мүмкіндік бар деді.

Егер мемлекет қолдап, демеушілер табылып жатса, Қазақстанда келесі жылы күзде немесе қыста ұйымдастыруы мүмкін", - дейді Арай Әлімхан "Әлем ханымының" қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында.  

Айтуынша, ұйымдастырушылар екі аптадай ойланып, Қазақстанда өткізуге рұқсат берген.

"Олар бұған дейін байқауды Қытайда, Болгарияда, Еуропада, Оңтүстік Африкада және тағы басқа мемлекеттерде өткізді. Қазақстанды ешқашан қарастырмапты. Егер мемлекет тарапынан қолдап жатса, онда өткізесіздер дегенге келтірді", - деді ол.

Айта кетейік, 29 желтоқсан күні елордамызда "Әлем ханымы 2020" атанған Жұлдыз Әбдікәрімоваға тәж кигізу рәсімі өтті.

Байқау жеңімпазының тәжі мен лентасы Болгариядан жеткізілген.

1-24 желтоқсан аралығында өткен дауыс беру нәтижесі бойынша Жұлдыз Әбдікәрімова 81 902 дауыс жинап, жеңімпаз атанды. Ал 1-орынды Орталық Еуропа атынан қатысқан Виктория Люб (Victoria Liub) алды. Ол 58 349 дауыс жинаған. 2-орын австриялық Юлия Игнатченкоға бұйырды. Оны байқауда 55 789 адам қолдады. 3-орынды Сібір өкілі Янина Ремезова иеленді. Ол 54 705 дауыс жинады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891603-kazakstanda-lem-hanymy---2021-bajkauy-tkizilui-mmkin/

pixel