Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қара бүркіт" колониясының жаңа басшысы тағайындалды

Опубликовано:

"Қара бүркіт" бастығы тағайындалды
Фото: Қостанай облыстық ҚАЖД

"Қара бүркіт" колониясының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметке әділет подполковнигі Нұрбек Қабдікәрімов келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қостанай облысы ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрбек Төлеубекұлы 1982 жылдың 21 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы Ақжар ауылында дүниеге келген. Құқыққорғау органдарында 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. Соңғы атқарған қызметі - Қостанай ҚАЖД басшысының орынбасары.

Өмір бойы жазасын өтеп жатқан азаматтар отыратын УК-161/3 төтенше қауіпсіздік мекемесінің бастығы Қостанай облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Бауыржан Оразалиннің жұмыс сапары барысында тағайындалды.

Жеке құраммен жиын өтіп, маңызды мәселелер талқыланды. Кездесу соңында басшылық қызметкерлерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жұмысқа табыс тіледі.

Еске салсақ, осыған дейін "Қара бүркіт" колониясының басшысы парамен ұсталған. Кейін оның құрықталуына қатысты тың мәліметтер жария болды.

"Қара бүркітті" 2019 жылдың желтоқсанынан бері басқарған Арман Әбілов параның 700 мың теңге көлеміндегі екінші бөлігін алып жатқан сәтінде қамауға алынған. Басылымдардың мәліметі бойынша, параның жалпы сомасы 1 млн теңгені құраған.

Жақында "Қара бүркіт" колониясы басшысының әпкесі інісінің кінәсіз екенін айтып, қазақстандықтарға мәлімдеме жасады. Келіншектің сөзіне сенсек, Әбілевті тергеу изоляторында соққыға жыққандықтан, оның жүрегі сыр берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891607-kara-brkit-koloniasyny-zaa-bassysy-tagajyndaldy/

pixel