RU

Туыстарына "бізді күштеп ұстап отыр" деген маңғыстаулық жігіттер табылды

жеткіншектер
Көрнекі фото: ru.freepik.com

Туған күн мен Жаңа жылды тойлау үшін Маңғыстау облысынан Алматыға келген екі бозбала туыстарына "бізді бөтен біреулер күштеп ұстап отыр" деп хабарлаған. Жігіттерге дереу іздеу жарияланып, көп ұзамай табылды деп жазады Polisia.kz.

Жастар үйден 23 желтоқсан күні үйлерінен шығып кеткені белгілі болды. Олардың бірі 17 жаста болса, екіншісі жақында 18 жасқа толған.

"Туған күнді және келе жатқан Жаңа жылды атап өту үшін жастар мегаполиске келген. Олардың бірінің әпкесі байланысқа шығады. Жігіттер оған "бізді Алматыда бейтаныс адамдар күштеп ұстап отыр" деп айтқан. Бұл ақпарат біздің қолымызға түсіп, дереу іздеу тобын құрдық", - деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Полиция "жоғалып кеткен" жігіттерді тұрғын үй кешендерінің бірінен аман-есен тапты. Олардың жанында бөтен адамдар болмаған.

Ата-аналарының келісімі бойынша жас жігіттер Алматыдағы туыстарына беріліп, оларға түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891622-tuystaryna-bizdi-kstep-stap-otyr-degen-magystaulyk-zigitter-tabyldy/