Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда пәтер жалдап тұрған шетел азаматы үй иесіне пышақпен қоқан-лоққы жасаған (фото)

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда патрульдік полиция қызметкері қарулы адамды зиянсыздандырды. Белгілі болғандай, пәтер жалдап тұрушы үй иесіне қоқан-лоққы көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Великолукская көшесінде орналасқан үйлердің бірінің тұрғыны полицияға жүгінген. Ол пәтердің жалға алған азаматтың пышақ алып, қорқытқанын айтыпты.

Оқиға орнына "Гранит-8" патрульдік полициясының экипажы жеткен.

Қарулы ер адамның көшеде болғаны, оның тәртіп сақшыларының талабына мән бермегені белгілі болды.

Аға сержант Кемелов ыңғайлы сәтті күтіп, самбо техникасын қолдану арқылы күдіктіні жерге құлатқан.

Содан кейін әріптесімен бірге ер адамның қаруын тартып алып, зиянсыздандырды.

Ер адам ұсталды. Қолға түскен 1972 жылы өмірге келген Өзбекстан азаматы болып шықты. Оның әрекеттері 293-бап бойынша квалификацияланған.

Сонымен қатар, полиция ер адамның көші-қон заңнамасын бұзу арқылы Қазақстанда болғанын анықтады.

Задержанный мужчина
Фото : ДП Алматы

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы Сарыағаш қаласында егде жастағы әйел мен үлкен қызының арасындағы жанжалдың қайғылы жағдаймен аяқталғанын жазған едік. Зейнеткер өзінің тұңғышын ашу үстінде пышақтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891632-almatyda-pter-zaldap-trgan-setel-azamaty-j-iesine-pysakpen-kokan-lokky-zasagan-foto/

pixel