RU

Қазақстанда өндірілген КВИ-ға қарсы ресейлік вакцина экспортталмайды

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда өндірілген ресейлік коронавирусқа қарсы вакцина шетелге экспортталмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды КТК арнасы.

Әңгіме ресейлік "Спутник V" препараты туралы болып отыр, ол қазір Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта шығарылуда.

Жақын арада кемінде 2 миллион дозаны шығару жоспарда бар.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, вакцина республика аумағындағы ғана қажеттіліктерге қолданылады.

Бірінші кезекте оны дәрігерлер, мұғалімдер, тәртіп сақшылары, студенттер мен тәуекел тобындағы науқастар алады.

Жоспар бойынша, Қазақстан Республикасында жаппай вакцинациялау келесі жылдың ақпан айынан басталмақ.

Дегенмен денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны түбегейлі экспорттамайтынын жоққа шығармады.

Алайда, ведомство өкілдерінің сөзінше, бұндай жағдай ел тұрғындарының басым бөлігінің екпе салдырмағанынша болмайды.

"Өндіруге мүмкіндігі бар "Қарағанды фармацевтикалық кешенінің" қуаты, ол (вакцина-ред.) ҚР вакцинациялау үшін пайдаланылатын болады. Өндірушінің экспортқа вакцина шығаруға мүмкіндігі болған жағдайда, менің ойымша, ресейлік ФПИ қоры мен "Қарағанды фармкомплексі" шешім қабылдайды", – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891637-kazakstanda-ndirilgen-kvi-ga-karsy-resejlik-vakcina-eksporttalmajdy/