RU

Алматыда мереке күндері қоғамдық көліктер жүре ме

қоғамдық көлік11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласында алдағы мереке күндері қоғамдық көліктердің қалай жүретіні белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Almaty Avtobustary кәсіпорынына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оңтүстік астанада мереке күндері қоғамдық көліктер кестеге сәйкес жұмыс істейді.

"Алматы қаласындағы қоғамдық көліктер, оның ішінде метро 1-4 қаңтар аралығы мен 7 қаңтар күні кестеге сәйкес таңғы сағат 06:00-ден түнгі сағат 23:00-ге дейін қатынайтын болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, алматылықтарды мереке күндері де санитарлық талаптарды ұстануды ұмытпауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанадағы мейрамханалар Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істейді ме деген саулаға жауап беріп, шаһар тұрғындарын ұжымдық кештер өткізбеуге шақырған еді.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.

Шоранов тұрғындарды адамдар жаппай жиналған жерге бармауға, ұжымдық кештер мен өзге де шаралар ұйымдастырмауға, коронавирусқа қарсы алдын алу шараларын сақтауға, қауіп-қатер тобындағы туыстарды қашықтан құттықтауға шақырған болатын.

Вице-министрдің сөзінше, мерекелер еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус өсімінің бақылаудан шығуына себепкер болмауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891641-almatyda-mereke-knderi-kogamdyk-klikter-zre-me/