RU

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 726 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 153 925-ке жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 726 адамда коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 107

Алматы қаласы - 81

Шымкент қаласы - 6

Ақмола облысы - 54

Ақтөбе облысы - 5

Алматы облысы - 61

Атырау облысы - 60

Шығыс Қазақстан облысы - 48

Жамбыл облысы - 15

Батыс Қазақстан облысы - 43

Қарағанды облысы - 40

Қостанай облысы - 60

Қызылорда облысы - 3

Маңғыстау облысы - 11

Павлодар облысы - 65

Солтүстік Қазақстан облысы - 58

Түркістан облысы - 9

Еске сала кетсек, Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ кезеңі басталды.

Осы кезең аясында облыстың 1000 тұрғынына коронавирусқа қасы вакцина егіледі.

Ал отандық вакцинаны жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады.

Сонымен қатар денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға үндеу жасады.

Шоранов тұрғындарды адамдар жаппай жиналған жерге бармауға, ұжымдық кештер мен өзге де шаралар ұйымдастырмауға, коронавирусқа қарсы алдын алу шараларын сақтауға, қауіп-қатер тобындағы туыстарды қашықтан құттықтауға шақырды.

Вице-министрдің сөзінше, мерекелер еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус өсімінің бақылаудан шығуына себепкер болмауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891643-kazakstanda-tken-tulikte-kansa-adam-koronavirus-zktyrdy/