Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы тас жолда жолаушылары бар автобус бұзылып қалды (видео)

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында тас жолда жолаушылары бар автобус бұзылып, салонда болған 37 адам эвакуацияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстың төтенше жағдайлар департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2020 жылдың 29 желтоқсанында, кешке "Алматы-Өскемен" автожолының 414 шақырымында "Алматы-Ұржар" бағыты бойынша жолаушылары бар "Setra" маркалы автобус сынып қалған.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің күшімен автобус салонынан Сарқан қаласына 37 жолаушы эвакуацияланды. Олардың арасында балалар болмаған.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, эвакуацияланғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Шақырту орнына Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, Сарқан қаласының трассалық-медициналық құтқару пунктінің кезекші бригадасының 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы, Сарқан қаласының жедел медициналық жәрдем бригадасының 3 қызметкері және 1 бірлік техникасы, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылғаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891648-almaty-oblysynyny-tas-zolynda-zolausylary-bar-avtobus-aazda-bzylyp-kaldy-video/

pixel