RU

Шымкент билігі де жаңа жылдық отшашудан бас тартты

Отшашу
Көрнекі фото: piqsels.com

Еліміздің үшінші мегаполисінде қала билігі мерекелік отшашу болмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Otyrar.kz.

Шымкент қаласының мәдениет басқармасы Жаңа жылды тойлауға арналған мерекелік бұқаралық іс-шаралар өткізілмейтінін хабарлады.

"Мерекелік отшашу болмайды. Барлық іс-шаралар тоқтатылды. Не дегенмен мереке болғандықтан, басты шырша әкімшілік-іскерлік орталықтың алдындағы алаңда орнатылған, ал қала жаңа жылдық безендірулермен безендірілген", – деп түсіндірді Шымкент әкімдігі.

Еске салсақ, Қазақстанның басқа да бірнеше қаласында жаңа жылдық отшашулар болмайтын болды, ал Түркістанда қаланы безендіруге бөлінген барлық қаражат аз қамтылған отбасыларға көмек ретінде бағытталды.

Оған қоса, Қазақстанның көптеген тұрғыны отшашу болмайтыны туралы шешімді қолдады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Жаңа жылға орай безендірілмейтін болды. Қаланы безендіруге бөлінген қаражат коронавирусқа қарсы күреске пайдалану үшін бюджетке қайтарылғаны туралы жазған едік.

Айта кеткен жөн, астаналықтар да жаңа жылдық отшашуды тамашалай алмайды. Биыл елорда билігі одан бас тарту туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жаңажылдық мерекеге орай отшашу болмайтыны белгілі болды. Қалада қысқы мейрамның сән-салтанатын аша түсетін жаңажылдық безендірулерге де қаражат бөлінбеген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891654-symkent-biligi-de-zaa-zyldyk-otsasudan-bas-tartty/