RU

Шымкенттік полицейлер бұзақылардан оңбай таяқ жеді

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шымкенттік полицейлер бұзақылардан оңбай таяқ жеді. Аулалардың бірінде топырлап тұрған топқа ескерту жасаған тәртіп сақшыларын жігіттер жабылып сабап тастаған деп хаабрлайды КТК телеарнасы.

Полиция қызметкерлерінің сөзінше, бұзақылар тәртіп сақшыларын баспен де, таспен де төмпештеген.

Белгілі болғандай, топтасып тұрған алты жігітке екі бірдей учаскелік полиция қызметкері келіпті.

Көшеде ішіп-шекпеу туралы ескерту жасаған кезде бұзақылар тәртіп сақшыларын  балағаттап жұдырық ала жүгірген. Тіпті біреуі ұстап, қалғандары аямай ұрған екен.

Алайда тез арада көмекке келген бірнеше полиция экипажы таяқ жеген әріптестерін арашалап, бұзақылардың қолына кісен салған.

Ал оңбай таяқ жеген тәртіп сақшыларына жедел жәрдем фельдшерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта күдікке ілінген үш азамат қамауға алынған. Оларға қатысты екі бірдей баппен іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Шымкентте дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған жаңа босанған әйелді өлім аузынан аман алып қалғаны туралы хабарлаған едік.

17 желтоқсан күні жаңа босанған әйел ауыр халде перзентханадан қалалық жұқпалы аурулар орталығына ауыстырылған.

Науқаста тыныс жетіспеушілігінің 3-дәрежесі, айқын интоксикациялық синдромы, тромбациттің төмен болуы сынды асқынулар болған.

1982 жылғы әйелге дәрігерлер хаттама бойынша толық ем көрсетіп, антикоагулянтты және антибактерильдық терапия бойынша көмек көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891658-symkenttik-policejler-bzakylardan-obaj-taak-zedi/