Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды ​облысында жаңа жыл қарсаңында сегіз бірдей отбасы үйінен айырылды

Опубликовано:

Өртеніп жатқан үй
Көрнекі фото: piqsels.com

Қарағанды ​​облысында сегіз отбасы баспанасыз қалды. Олардың ағаштан жасалған екі қабатты ғимараты түгелдей дерлік өртеніп кеткен. Айтуларынша, олар енді мерекелерді тойламайды. Ақтас ауылындағы өрттің тез болғаны соншалық, адамдар әрең дегенде аман қалған деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Физикалық тұрғыдан ешкім зардап шекпесе де, адамдар моральдық түрде депрессияға ұшыраған. Қайғылы оқиға кезінде түсірілген кадрлардан жалынның Гастелло көшесіндегі екі қабатты үйді қалай "жалмап" жатқанын көруге болады.

Нәтижесінде тұрғындардың жеке заттарының барлығы жойылып, ғимараттың өзі толық өртеніп кеткен.

"Егер анаммен пәтерде тура 5 минуттан артық уақыт болсақ, онда біз шыға алмайтын едік. Ештеңе аман қалмаған. Адамдарға баспана керек, 8 отбасы дымсыз қалды", – дейді зардап шеккендердің бірі Дилара Сосновская.

Жалынмен күрескен 9 өрт сөндіру машинасы төбедегі қызыл жалынды жылдам ауыздықтаған, бірақ ағаш жамылғылары ұзақ уақыт бойы іштен бықсып жатыпты. Өрттің таралуы бір жарым сағаттан кейін тоқтатылған.

Өрт сөндірушілер төтенше жағдайдың себебі шатыр астындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін деп болжады.

Жалға алушылардың өздері өрттің алдын алуға болатындығына сенімді: кіреберісте ілулі тұрған лектр сымдарының қалқаншасы жабық болған, бірақ жиі ұшқын шығарып тұрған көрінеді.

Зардап шеккендердің арасында зейнеткерлер мен жалғызбасты адамдар бар. Олардың барлығы туыстарының жанына барып, арнайы сараптама қорытындысын күтуге мәжбүр болды.

Журналистердің айтуынша, зардап шеккендер Жаңа жылды тойламауға шешім қабылдаған, өйткені қайғылы жағдайдан келген зардап өте үлкен.

Оқиғаға бей-жай қарай алмағандар оларға тамақ пен киім-кешек үшін ақшалай көмектескен. Алайда, қазір олар үшін баспана мәселесі бірінші кезекте тұр. Әкімдіктегілер барлығы сараптама нәтижесіне байланысты екенін айтады.

"Міндеттерді ажырату керек. Үйдегі жабдықтардың барлығы "Жарыққа" тиесілі емес. Кіреберісте тұрған электр сымдары тұрғындардың өздерінің жабдықтары. Бұл олардың мойнында. Олар инженерлік желілерді бақылауы керек", – деді ауыл әкімі Нұрлан Садықов.

Журналистер анықтағандай, комиссия тұрғындардың өртке кінәлі емес екендігі туралы шешім қабылдаған жағдайда ғана мемлекеттік қордан пәтерлер беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891669-karagandy-oblysynda-zaa-zyl-karsaynda-segiz-birdej-otbasy-jinen-ajyryldy/

pixel