Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Басынан аяусыз тепкен: Алматыда ер адамды ұрып-соққандар видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Төбелес
Фото: telegram-канал Kris.p.almaty | Official

Ақсай-1 шағын ауданындағы аулалардың бірінде ер адамдардың төбелесі видеоға түсіп қалды. Құқық қорғаушылардың сөзінше, үш жігіт қала тұрғынын тепкінің астына алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төбелес бейнеленген видеоны Kris.p.almaty | Official telegram арнасы жария еткен. Кадрларда бірнеше мас ер адамның жанжалдасқаны көрінеді.

Ал екінші роликте жігіттің жерде жатқан адамды ұрып, содан кейін оны тепкілеп, басынан бірнеше рет тепкенін көруге болады.

Кадрларға қатысты Алматы полициясы пікір білдірді. Құқық қорғаушылар Жамбыл облысының 33, 24 және 20 жастағы үш тұрғынын ұстаған.

"Олар мас күйде болып, Ақсай-1 шағын ауданындағы үйлердің бірінің ауласында бұзақылық пиғылмен 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұрып-соққан", - деп хабарлады полиция.

Қазір үшеуі де ұсталып, изоляторда отыр. "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алматылықтың алған жарақатының ауырлығын анықтау үшін сараптама тағайындалған.

"Істің мән-жайы анықталуда", - деп қосты полиция.

Назар аударыңыз! Видеода ауыр кадрлар бар және оны психикасы тұрақсыз адамдарға, жүкті әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдарға көруге ұсынылмайды. Сондай-ақ роликте бейәдеп сөздер бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде полицейлердің соққыға жығылған видеосы пайда болған еді.

Кейінірек, бейнежазбаның Қазақстанға қатысы жоқ екені, оның Қырғызстан астанасы Бішкекте түсірілгені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1891732-basynan-aausyz-tepken-almatyda-er-adamdy-ryp-sokkandar-videoga-tsip-kaldy/

pixel