Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда бірнеше көлік тұрған гараж өртеніп кетті (фото)

Опубликовано:

Өрт
Оқиға орны. Фото: Facebook/Астана - Что? Где? Когда?

30 желтоқсанда, таңертеңгі уақытта Нұр-Сұлтанда өрт болды. Қара түтін қаланың әр бұрышынан көрінуде деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қара түтіннің суреті Facebook желісіндегі "Астана - Что? Где? Когда" тобында жарияланған.

Фотоларда қою қара түтін мен бір қабатты ғимараттың өртенгені көрінеді. Желідегі жазбаға сәйкес, қызыл жалын жеке жатақханадан шыққан.

Алайда Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті бұл деректі жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, 30 желтоқсанда сағат 10:42-де өрт сөндірушілер оқиға орнына шыққан.

Анықталғандай, өрт екіқабатты жеке үйге жапсарласа салынған гараждан шыққан. Өртке оранған гараж ішінде бірнеше көлік болыпты.

Қызыл жалын жалпы 200 шаршы метрді шарпыған.

"Шақырту орнында жеке құрамнан 60 адам мен Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 13 бірлік техникасы жұмыс істеді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", - дейді департамент.

Сағат 11:24-те өрт толығымен сөндірілген.

Өрт
Оқиға орны. Фото: Facebook/Астана - Что? Где? Когда?

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Оралдағы 9 қабатты "Юность" жатақханасындағы пәтер қып-қызыл жалынға оранғанын жазған едік.

Қызыл жалын салдарынан бірнеше адам зардап шекті, олардың арасында балалар да бар. Өрттің себептері тексеріліп жатыр.

Сонымен қатар 28 желтоқсанда Алматыдағы бизнес орталық та өртке оранған болатын.

Одан бөлек, Қостанай облысында зейнеткер өз үйіндегі өрт кезінде көз жұмғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1891763-nr-sltanda-birnese-klik-trgan-garaz-rtenip-ketti-foto/

pixel