RU

Павлодарда бір жасар ұлын вокзалға тастап кеткен әйел жазадан құтылды

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: Павлодар облысы ПД

Бүгін Екібастұз қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Павлодар қалалық №2 сотына сілтеме жасап.

Сотқа жәбірленуші ретінде қазіргі уақытта баланың заңды өкілі болып табылатын әжесі қатысты.

Сот отырысы барысында екі тарап та татуласқаны туралы хабарлап, қылмыстық істі жабуды сұраған.

Бүлдіршінді вокзал маңында тастап кеткен әйел қазір жұмыс істемейді. Ол балаларын тәрбиелеп отырғанын түсіндірді.

Сондықтан ол бірінші кезекте қылмыстық істі жабуды өтінген. Себебі ол заңды өкілмен, яғни баланың әжесімен татуласқанын айтқан.

Сот барысында прокурор бұл бап қылмыстық теріс қылыққа жататынын түсіндірді.

Дегенмен ол айыпталушы өз кінәсін толық мойындағанын және баланың әжесінің ешқандай талаптары жоқ екенін ескере отырып, әйелді қылмыстық жауапкершіліктен босатуға болатынын жеткізген.

Татуласу келісімінің негізінде сот қылмыстық істі тоқтатты.

Еске сала кетсек, 26 қарашада сағат 21:00 шамасында Павлодар қаласындағы трамвай аялдамасынан кішкентай бала табылған еді. Тәртіп сақшылары мен еріктілер ананы іздей бастады. Баланың анасын тапқан кезде ол мұны әдейі істегенін айтты.

Бір жасар бала ауруханаға жеткізілді. Ол онда бірнеше күн болды. Осыдан кейін полиция анықтамасына сәйкес, кейін сәби әжесіне берілген болатын.

Желтоқсан айының ортасында сотқа баланы қауіп-қатерге қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс сот бұйрығымен жіберілді. Судья бұл істі өз бетінше қарауға мәжбүр болды, ал тергеу айыппұл төлеуді талап етті. Ақыр аяғында судья бұл жазаны жеткіліксіз деп санап, материалдарды прокуратураға қайта жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891765-pavlodarda-bir-zasar-lyn-vokzalga-tastap-ketken-jel-zazadan-ktyldy/