RU

COVID-19: Қазақстанда тағы бір өңір "қызыл" аймақтан шықты

Тәжвирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Қостанай облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шықты. 30 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері бойынша "қызыл" аймақта Атырау облысы ғана қалған. 

Sputnik Қазақстан ақпарынша, "сары" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары болса, қалған барлық өңір инфекцияның таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр.

Айта кетейік, 29 желтоқсанда "қызыл" аймақтан Ақмола және Павлодар облыстары шықты.

Атырау облысы 16 желтоқсаннан бері коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр. Облыстағы науқастардың 60%-і Теңіз кен орнында анықталып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетованың айтуынша, бұл Теңізге келушілер мен ол маңнан кетіп жатқан адамдар арасында скрининг жүргізілуімен байланысты, яғни сынама саны артып келеді.

Алайда Теңіздегі жұмысты тоқтату жоспарланып отырған жоқ.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 726 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 153 925-ке жетіп отыр.

Ал Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ кезеңі басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891766-covid-19-kazakstanda-tagy-bir-ir-kyzyl-ajmaktan-sykty/