Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың жаңа штамы АҚШ пен БАӘ-де тіркелді

Опубликовано:

ПТР тестілеу
Көрнекі фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Коронавирустың Ұлыбританиядан шыққан жаңа мутациясы АҚШ пен Біріккен Араб Әмірлігінде тіркелді деп хабарлайды centralasia.media.

АҚШ-та жаңа штамм Колорадо штатының тұрғынында расталған. Науқастың жасы 20-30 шамасында.

Құжаттарына қарағанда ол АҚШ-тан ешқайда шықпаған. Бұл теориялық тұрғыда тұрғын ауруды коронавирустың әр түрі тараған елге барған адамнан жұқтырғанын білдіреді.

Қазір азамат өз-өзі оқшаулауда дәрігерлер оның кіммен байланысқанын анықтауға тырысуда.

Біріккен Араб Әмірліктері үкіметінің өкілі Омар Абдеррахман аль-Хаммади де БАӘ аумағында коронавирустың жаңа штамын жұқтырудың бірнеше жағдайы тіркелгенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы тез таралып жатқанын хабарлаған едік.

Мамандардың сөзінше, COVID-19-дың жаңа штамы адамдар арасында 70%-ға тез тарайтындығы белгілі болып отыр. Бірақ қауіптілігі жағынан бұрынғы түрінен еш ерекшеленбейді.

Осыдан кейін Ұлыбритания астанасы Лондон мен Англияның оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңа шектеу шаралары енгізілді.

Жаңа ережелерге сәйкес, халыққа екі апта бойы еркін жүріп-тұруға рұқсат жоқ. Дәріхана және азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындары, жабық жаттығу залдары жұмыс істемейді.

Халыққа ғимарат ішінде кездесуге, шетелге шығуға рұқсат етілмейді.

Коронавирустың жаңа штамы салдарынан шектеу шаралары күшейтілгеннен кейін Лондон тұрғындары қаладан жаппай кете бастады.

Сонымен бірге Ұлыбританиямен ондаған мемлекет арадағы көлік қатынасын тоқтатып, шекарасын жапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891778-koronavirusty-zaa-stamy-aks-pen-ba-de-tirkeldi/

pixel