RU

Ералы Тоғжанов өкпе ауруларын емдеуге арналған бірегей аппараттар өндірісімен танысты

Ералы Тоғжанов
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов "Барк Технолоджи" ЖШС кәсіпорнын аралады деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Ералы Тоғжанов өкпе ауруларын емдеуге арналған бірегей аппараттар өндірісімен танысты.

Қазақстандық кәсіпорында өкпе ауруларын және өкпе ауруларының асқынуларын емдеуге арналған VibroLUNG бірегей виброакустикалық аппараты шығарылады. Бұл құрылғы респираторлық патологиясы асқынған  науқастардың тезірек сауығуына мүмкіндік береді. Биыл жаз айларында COVID-19-дың өршуі кезінде бұл кәсіпорын ауруханаларға 200-ден астам виброакустикалық аппарат жеткізген болатын.

Ералы Тоғжанов
Фото: primeminister.kz

Құрылғы отандық мамандардың бірегей әзірлемесі, ол реанимациядағы, әсіресе, ӨЖЖ-ға қосылған науқастар үшін аса қажет. VibroLUNG-пен қатар, отандық конструкторлар жасаған ӨЖЖ және транпульмоналды қысым мониторларының үлгілері көрсетілді.

Вице-премьердің сапары барысында аталған кәсіпорынның қазақстандық медицина мекемелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріс көлемін ұлғайту мүмкіндігін растайтын өндірістік әлеуеті көрсетілді.

Аралау қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов кәсіпорындардың жұмысына оң баға беріп, үкімет отандық өндірушілерді жан-жақты қолдайтынын атап өтті.

Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты, өзгеріс негізінен білім беру мекемелеріне қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891843-eraly-togzanov-kpe-aurularyn-emdeuge-arnalgan-biregej-apparattar-ndirisimen-tanysty/