RU

Йеменде тағы бір жойқын жарылыс болды (видео)

Жарылыс
Фото: MigNews

Йеменнің Аден қаласындағы әуежайда болған бірнеше жарылыстан кейін тағы біреуі Маашик үкімет сарайына жақын жерде болды. Алғаш рет оқ атылғаннан кейін жаңа министрлер кабинетінің мүшелері сонда жеткізілген болатын.

Болжам бойынша ғимарат аумағына зымыран немесе ұшқышсыз аппарат соққы жасауы мүмкін.

Әзірге жарылыстан зардап шеккендер туралы ешқандай мәлімет жоқ деп жазады РИА Новости шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жарылыстан бірнеше сағат бұрын Аден әуежайында бірнеше жарылыс болған еді. Дәл осы сәтте Эр-Риядтан келген жаңадан тағайындалған министрлер ұшақтан түсуі керек болатын. Алайда олар ұшақтан түсіп үлгермегендіктен ешқайсысы зардап шекпеген.

Бастапқыда жарылыстан 10 адамның қаза болғаны туралы хабарланды. Басылымның жазуынша, қазір қаза болғандар саны 22-ге жеткен. 50 адам зардап шеккен олардың кейбірінің жағдайы ауыр.

Жарылыстан Халықаралық Қызыл Крест комитетінің (ХҚКК) үш қызметкері қаза тапқаны белгілі болып отыр. Ақпаратты ұйымның өзі растаған.

Басылымның хабарлауынша, алғашқы жарылыстарға Йеменнің оңтүстік-батысындағы Таиз провинциясынан жасалған ракеталық шабуылдар себеп болған. Ол "Ансар Алла" қозғалысының хусит-көтерілісшілерінің бақылауында.

Сонымен қатар Йемен президенті Абд Раббу Мансур Хади әуежайдағы жарылыстарды тергеумен айналысатын арнайы комиссия құруды тапсырған.

Айта кетейік, осыған дейін Абду-Раббу Мансур Хади 24 министрден құралған жаңа үкіметті тағайындаған болатын. Оның құрамына республиканың оңтүстігін бөлуді жақтайтын Оңтүстік Йемен Өтпелі кеңесінің бес өкілі кірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891855-jemende-tagy-bir-zojkyn-zarylys-boldy-video/