RU

Өткен тәулікте 795 қазақстандықтан коронавирус анықталды

тәжвир85
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты соңғы деректерді жария етті деп жазады Coronavirus2020.kz Telegram арнасы.

"Қазақстанда өткен тәулікте 795 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 120

Алматы қаласы - 87

Шымкент қаласы - 5

Ақмола облысы - 55

Ақтөбе облысы - 9

Алматы облысы - 51

Атырау облысы - 116

Шығыс Қазақстан облысы - 46

Жамбыл облысы - 15

Батыс Қазақстан облысы - 30

Қарағанды облысы - 39

Қостанай облысы - 58

Қызылорда облысы - 8

Маңғыстау облысы - 19

Павлодар облысы - 72

Солтүстік Қазақстан облысы - 59

Түркістан облысы - 6

Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 154 720-ға жетті.

Еске сала кетсек, Қостанай облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақтан шықты. Осылайша, 30 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері бойынша "қызыл" аймақта Атырау облысы ғана қалған. 

Сонымен қатар "сары" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстары болса, қалған барлық өңір инфекцияның таралу көрсеткіші бойынша "жасыл" аймақта тұр.

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Арман Күшбасовтың жаңа қаулысы шықты.

Жаңа қаулыда мектеп бітіретін 9, 11, 12-сынып оқушылары аптаның 6 күнінде пәндердің 70% штаттық режимде, қалған оқушылардың қашықтан оқитыны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891864-tken-tulikte-795-kazakstandyktan-koronavirus-anyktaldy/