Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан - Шымкент рейсінің жолаушылары әуежайда шу шығарды (видео)

Опубликовано:

Жолаушылар шу шығарды
Оқиға орны. Фото: telegram/Abzhan News

Әлеуметік желіде әуежайда жанжал шығарған жолаушылардыңң видеосы пайда болды. Олар Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұша алмай қалған. Кейбір деректерге сүйенсек, елорда әуежайында 250 адам ұша алмай отыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кейінге шегерілген.

Елорда әуежайындағы жайттың видеосын Abzhan News telegram арнасы жариялаған. Кадрлар 30 желтоқсанда түсірілген.

"Астанадан Шымкентке 250 адам ұша алмай отырғанын хабарлауда. Арнайы жасақ адамдарды шығармақшы, билет ақшасын қайтарудан бас тартып жатқан көрінеді", - делінген роликте.

Кадрларда наразы жолаушылардың жанында полиция қызметкерінің тұрғанын да байқауға болады.

"Арнайы жасақ қызметкерлерінің тартылғаны, сондай-ақ жолаушыларға билет ақшасын қайтарудан бас тартып жатқаны туралы ақпарат расталмады. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңның 86-бабына сәйкес, жолаушылар барлық сұрақтар бойынша әуе компанияларының өкілдеріне хабарласуы керек", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметшісі Анвар Шалекенов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан - Шымкент бағытындағы рейсте дөрекі қылық көрсеткен екі ер адам ұшақтан түсірілген еді.

Құқықбұзушылар Түркістан облысының 29 және 30 жастағы тұрғындары болып шыққан. Олар ұшақ бортында мас күйінде болған, өздерін дөрекі ұстап, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан.

Жолаушыларға 10 АЕК (27 780 теңге) көлемінде айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891919-nr-sltan---symkent-rejsini-zolausylary-uezajda-su-sygardy-video/

pixel