RU

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Шымкентке ұшатын рейстер тоқтатылды

Ұшақ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Air Astana бүгінге, яғни 31 желтоқсанға жоспарланған Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Шымкентке бағыт алған рейстердің тоқтатылғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Air Astana-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейстердің тоқтатылуына елдің үшінші мегаполисіндегі ауа райының қолайсыздығы себеп болған.

"Шымкент қаласы әуежайындағы қолайсыз ауа райы және қолайсыз метеоболжам  салдарынан бүгінгі рейстер KC971/972 Алматы-Шымкент-Алматы, КС 341/342 Нұр-Сұлтан-Шымкент-Нұр-Сұлтан және қосымша рейстер КС9710/9720 Алматы-Шымкент-Алматы орындалмайды", – деп хабарлады компания.

Сонымен қатар компания орындалмайтын рейстерге билет алған жолаушыларды басқа рейстерге қайта брон жасауға немесе билетті сатып алған жерге қайта өткізіп, ақшасын қайтарып алуды ұсынды.

Айта кеткен жөн, бұған дейін әлеуметік желіде әуежайда жанжал шығарған жолаушылардың видеосы пайда болған еді. Олар Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұша алмай қалған.

Кейбір деректерге сүйенсек, елорда әуежайында 250 адам ұша алмай отыр.

"Арнайы жасақ қызметкерлерінің тартылғаны, сондай-ақ жолаушыларға билет ақшасын қайтарудан бас тартып жатқаны туралы ақпарат расталмады. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңның 86-бабына сәйкес, жолаушылар барлық сұрақтар бойынша әуе компанияларының өкілдеріне хабарласуы керек", - деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметшісі Анвар Шалекенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891922-nr-sltan-men-almatydan-symkentke-satyn-rejster-toktatyldy/