Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Садырбай: 2020 жыл санамызды бір сілкіп алды

Опубликовано:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/sadyrbayaskhat

Танымал қазақстандық журналист Асхат Садырбай отандастарын келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жақсы күндер әлі алда екеніне сендірді айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай Қазақстан халқына деген құттықтауын Instagram парақшасында жариялаған. Белгілі журналист өткен жылды қорытындылап, келер жылға өзінің ақ тілегін айтты.

"Құрметті жақындар мен жақсылар! Баршаңызды жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Биылғы жаңа жылды ерекше қарсы алудамыз. Келер жылдан үміт мол. Көп нәрсеге деген көзқарасымыз өзгерді. Санамыз бір сілкініп алды. Өткен жыл күллі әлем үшін үлкен өзгерістерге толы жыл болды. Пандемия көп саланы тығырыққа тіреді. Қазір бірте-бірте бұл сынаққа төтеп бере отырып өмір сүруді үйреніп келеміз. Ұзын-сонар есеп жазып, өткен-кеткенді тізбектегім келмейді. Бәрі бәріміздің көз алдымызда. Ең бастысы зор денсаулық пен бас амандығы болсын. Әр шаңыраққа құт-береке, ырысы мол несібе тілеймін! Жаңа жыл жақсылыққа толы жыл болсын" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Айта кетейік, бұған дейін отандық танымал әнші Мадина Сәдақасова да барша қазақстандықтарды жаңа жылмен ерекше құттықтап, өзінің жүрекжарды тілегін жолдаған болатын.

Өнер иесі 2020 жыл ауыр өткенімен, халыққа көп нәрсені үйреткенін алға тартты. Ол алға қойған істерді ұзақ жоспарламай, сәті түскенде орындау керек екенін жақсы ұғынып алғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891932-ashat-sadyrbaj-2020-zyl-sanamyzdy-bir-silkip-aldy/

pixel