Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылдық сыйлық: Түркістанда тұрғындарға дәрі-дәрмек тегін таратты (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: facebook/Айдос Игіліков

Түркістан қаласында әкімдік қызметкерлері мен бір топ еріктілер жаңа жылдың алдында жергілікті тұрғындарға дәрі-дәрмек таратып, қайырымдылық шарамен айналысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы белгілі журналист Айдос Игіліков Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Түркістан қаласында пандемия кезінде індетке шалдығып, ауруды жеңе білген азаматтарға 500 ден астам дәрі-дәрмек қоры тарту етіліп жатыр. Карантин режимінің сақтық шараларын сақтауға арналған жадынама салынған қорапшада, одан өзге парацетамол, антисептик, пульсоксиметр және бетперделер бар. Мұны Әкімдік қыметкерлерімен "Асар" еріктілер ұйымы ұйымдастыруда және аталған бастама кешеден бері жалғасып жатыр.

Фото
Фото: facebook/Айдос Игіліков

Дәрі-дәрмек Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан берілген. Алда, екінші толқын келеді деген жорамалға сүйенсек, бұл да артық етпейтін қажеттілік екенін де жасырмасқа болмас", - деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін қалаулымдық жігіт жобада танысқан қызды алып қашқанын жазған болатынбыз.

Артынша, "Қалаулымда" бас қосқан Айдос Игіліков пен Зарина Сапарова ажырасып кеткені белгілі болды.

Бүгінде журналистика саласында еңбектеніп жүрген Айдос әлеуметтік желідегі алыпқашпа сөздерге нүкте қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891934-zaa-zyldyk-syjlyk-trkistanda-trgyndarga-dri-drmek-tegin-taratty-foto/

pixel