RU

Павлодар облысында автобус 7 жасар баланы қағып кетті

Жедел жәрдем
Фото: pixabay.com

Павлодар облысында адамдар жарақат алған 2 апат орын алды. 4 адам ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Polisia.kz.

30 желтоқсанда Майқайың ауылында "ПАЗ" автобусының жүргізушісі 7 жасар баланы қағып кетті. Хабарланғандай, оқиға жолаушыларды көліктен түсіру кезінде болған.

Полицияның айтуынша, жүргізуші барлық жолаушылардың қауіпсіз қашықтыққа алыстағанына көз жеткізбеген. Бала Екібастұз ауруханасына жеткізілді. Сол күні таңертең Ленин-Көктөбе тас жолында 3 көлік соқтығысты.

Полицияның мәліметінше, Audi жүргізушісі бағыттас жолда келе жатқан Toyota-ға соғылып, содан кейін ВАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан ресейлік көліктің жүргізушісі мен жолаушысы, сонымен қатар Audi жолаушысы жарақат алды. Жарақат алғандар Ақсу қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

Апат бойынша тергеу амалдары басталды.

Еске салсақ, Жетісу аудандық полиция бөлімі ғимаратының жанында 4 автокөліктің қатысуымен апат болған еді. BMW жүргізушісі тұрақта тұрған 3 көлікті қағып кетті. Бүлінген көліктердің барлығы полиция қызметкерлеріне тиесілі.

Оған қоса, Алматыда троллейбустың қатысуымен жол апаты болған еді. Жарақат алған 4 адамның барлығы Toyota жол талғамайтын көлігінің жолаушылары болып шықты. Оқиға Алматыдағы Қалдаяқов пен Төле би көшелерінің қиылысында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891951-pavlodar-oblysynda-avtobus-7-zasar-balany-kagyp-ketti/