Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда шектен тыс мейман кіргізген барды жауып тастады (фото)

Опубликовано:

Дастархан
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Артист" барына қатысты шешім шығарды. Көңіл көтеру орны карантин ережелерін бұзғаны үшін уақытша жабылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік ақпарынша, мониторингтік топтар пандемияға байланысты енгізілген ережелерді бұзған көңіл көтеру орнын бірнеше рет анықтаған. Құзіретті органдар тарапынан айтылған ескертулерді олардың басшылығы құлаққа ілмеген.

"Көңіл көтеру орнында жұмыс кетесін сақтамау, адамдардың жаппай жиналуына жол беру сынды заңбұзушылықтар жіберген. Мониторингтік топ келген уақытта "Артист" барында 300-500 шамасында адам болған. Ол адамдардың жаппай инфекция жұқтыруына әкелуі мүмкін еді",- делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, 8 қазаннан 28 желтоқсанға дейін оңтүстік астанада карантин ережелерін бұзудың 981 фактісі тіркелген, түрлі компаниялар мен физикалық тұлғалар бұл уақыт аралығында 79,2 млн теңге айыппұл төлеген.

Айта кетейік, 29 желтоқсан күні Шарм-Эль-Шейх-Қостанай рейсімен ұшып келген 11 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы COVID-19-дың тарауына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ресми Telegram арнасы хабарлады.

29 желтоқсанда Шарм-Эль-Шейх –Қостанай рейсімен 212 қазақстандық анықтамасыз келген. Тапсырылған ПТР-тесттің нәтижесінде 11 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталған. Ал 30 желтоқсанында ел аумағына Нидерланды, Ұлыбритания, Мысыр, Түркия, БАӘ, Беларусь Республикасынан және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсімен 1 258 жолаушы ұшып келген. Олардың 1 044-інде ПТР-тесттің теріс нәтижесі көрсетілген анықтама болса, 214 қазақстандықта анықтама болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891955-almatyda-sekten-tys-mejman-kirgizgen-bardy-zauyp-tastady-foto/

pixel