RU

Өзбекстанда COVID-19 тестін тапсырғандарға қонаққа 30-дан аса адам шақыруға рұқсат берді

Дастархан
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстанның коронавируспен күрес жөніндегі штабы 31 желтоқсан және 1 қаңтарда ПТР немесе экспресс-тест тапсырған тұрғындар арасында 30-дан көп адамға арналған мерекелік кеш ұйымдастыруға рұқсат берді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болуына байланысты осындай шешім қабылданған.

Банкет залдары, қонақ үйлер, мейрамханалар мен кафелер осындай шараларды ұйымдастыру үшін санитария және эпидемиология қызметі мамандарын келісім-шарт негізінде шақырып, тазалып ережелерінің сақталуын бақылай алады.

Бұның алдында арнайы комиссия мерекелік корпоративтер өткізуге тыйым салып, азаматтарға Жаңа жылды үйде қарсы алуға кеңес берген.

Сондай-ақ, Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Артист" барына қатысты шешім шығарды. Көңіл көтеру орны карантин ережелерін бұзғаны үшін уақытша жабылды.

Әкімдік ақпарынша, мониторингтік топтар пандемияға байланысты енгізілген ережелерді бұзған көңіл көтеру орнын бірнеше рет анықтаған. Құзіретті органдар тарапынан айтылған ескертулерді олардың басшылығы құлаққа ілмеген.

"Көңіл көтеру орнында жұмыс кетесін сақтамау, адамдардың жаппай жиналуына жол беру сынды заңбұзушылықтар жіберген. Мониторингтік топ келген уақытта "Артист" барында 300-500 шамасында адам болған. Ол адамдардың жаппай инфекция жұқтыруына әкелуі мүмкін еді",- делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891965-zbekstanda-covid-19-testin-tapsyrgandarga-konakka-30-dan-asa-adam-sakyruga-rksat-berdi/