Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда шаруалар мен кәсіпкерлерді мешіттерде құрбандық шалуға мәжбүрледі

Опубликовано:

Қой1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қашқадария облысының Касан ауданының басшылығы жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлерге 2020 жылдың соңғы аптасында аудандағы әрбір мешітте құрбандық шалуға мәжбүрлеген деп хабарлайды Central Asian.

Бұл туралы Касан ауданының бірнеше шаруасы хабарлады.

Олардың айтуынша, Касан ауданы басшысының орынбасарлары – ағайынды Султонмурод пен Саид Донаевтар, олармен бірге Убайдолла Очилов шаруалар мен кәсіпкерлерден "аудан басшылығына 30-40 келіден кем емес қой тапсыруды" талап еткен.

"Жексенбі күні аудан басшысының бір орынбасары хабарласып, қойы бар шаруалар аудан әкімшілігіне келсін деп тапсырды. Оған қарсы шыға алмадық. Жиналысқа отыз шақты шаруа келді", – деді аудандағы шаруалардың бірі.

Жиналыста аудан басшылары "президент тапсырмасымен" әрбір мешітте құрбандық шалынатынын айтқан.

"Ол әрбір шаруаға қой немесе бұқа беруді тапсырды. Сол күні хоким бір мешітте құрбандық шалу ғұрпына қатысты. Қойды шаруалардың бірі берген. Хоким етті халыққа тарататынын айтып, суретке түсті. Бірақ ол етті базарда сатты", – деді кәсіпкер.

Касан ауданы басшысының орынбасары Султонмурод Донаев бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

"Өтірік. Оларды ешкім қайырымдылықпен айналысуға мәжбүрлеген жоқ. Олай болуы мүмкін емес", – деді шенеунік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1891968-zbekstanda-sarualar-men-ksipkerlerdi-mesitterde-krbandyk-saluga-mzbrledi/

pixel