RU

Жаңа жылда ішімдік ішетін жүргізушілерге ескерту жасалды

Ер адам көлік айдап бара жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Құқықтық статистика комитеті Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтардан мас күйде көлікке отырмауды сұрады деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

Комитет мереке күндері қарсаңында мас күйінде көлік жүргізу заңсыз әрекет екенін еске салды. Бұл адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкелуі мүмкін, ал алкоголь ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу түрлі жағымсыз оқиғаларға, тіпті қылмыс жасауға да алып келеді.

Мәселен, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес, 2020 жылы алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде жасалған көліктегі 23 509 құқық бұзушылық тіркелген.

Оның ішінде 19 282 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 17 203 мас жүргізуші арнайы құқығынан айырылды, 1 840 адамға 157 млн.теңге сомасында айыппұл салынды.

Егер адам көлік құралын басқарса не алкогольдік масаң күйде жол апатын жасаса және жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірсе, онда ол көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, әкімшілік жауаптылыққа тартылады деді ведомствода.

Кейін, бұл қайталанған жағдайда, қылмыстық жауапкершілік туындайды.

"2020 жылы Қылмыстық кодекске мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін (ҚК-нің 345-1-бабы) әрекеттің ауырлығына байланысты 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және өмір бойына арнайы құқықтан айыру қарастырылған түзетулер күшіне енді.

Сондай-ақ, бұрын құқығынан айырылған адамның көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жазалау шаралары күшейтілді (ҚК 346-бабы). Осы жылы ел бойынша алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған қатысушылардың кінәсінен болған 2 792 мың ЖКО тіркелді.

Осы жол көлік оқиғаларында 108 адам қаза болды. Адамдардың қаза болуына және жарақаттануына әкеп соққан мас күйінде ЖҚЕ бұзғаны үшін 225 адам сотталды, оның ішінде 177-сі бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Сонымен қатар, мас күйінде қоғамдық орындарда болғаны немесе ішімдік ішкені үшін 11 175 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 137-і кәмелетке толмаған азаматтар. 348 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды, қалғандары әкімшілік айыппұл төледі.

Алдағы жаңа жылдық мерекелерде барлық жүргізушілерден автокөлік құралын мас күйінде басқаруға жол бермеулеріңізді сұраймыз",- деді комитетте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891971-zaa-zylda-isimdik-isetin-zrgizusilerge-eskertu-zasaldy/