RU

Әйнектің сынығы басына тиген: Алматыда жол апатынан жолаушы жарақат алды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда Рысқұлов даңғылының бойындағы Кудерин көшесімен түйісетін көпірде жол апаты болды. Апат салдарынан көліктің жолаушысы жарақат алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жүргізушілер мен куәгерлердің айтуынша, Mercedes E-Class Рысқұлов бойымен батысқа қарай кетіп бара жатқан. Көпірде жүргізуші бір жолақтан екіншісіне ауысуға шешім қабылдап, тайғақ жолда рөлге ие бола алмай қалған.     

Көлік бірнеше рет айналып, содан кейін бар жылдамдықпен Lexus RX-350-ге соқтығысқан, ол да батысқа қарай бара жатқан.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігіндегі жолаушы зардап шекті. Көліктің артқы әйнегі сынып, сынықтар қыздың басына тиген. Ол түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.  

Айта кетейік, Құқықтық статистика комитеті Жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтардан мас күйде көлікке отырмауды сұрады.

Комитет мереке күндері қарсаңында мас күйінде көлік жүргізу заңсыз әрекет екенін еске салды. Бұл адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкелуі мүмкін, ал алкоголь ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу түрлі жағымсыз оқиғаларға, тіпті қылмыс жасауға да алып келеді.

Мәселен, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес, 2020 жылы алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде жасалған көліктегі 23 509 құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 19 282 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 17 203 мас жүргізуші арнайы құқығынан айырылды, 1 840 адамға 157 млн.теңге сомасында айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891975-jnekti-synygy-basyna-tigen-almatyda-zol-apatynan-zolausy-zarakat-aldy/