RU

Алматыдан 361 шақырым жерде жер сілкінді

Жер сілкінісі
Көрнекі фото: Хабар 24: Facebook

Алматыдан 361 шақырым жерде 4,6 баллдық жер асты дүмпуі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, Білім және ғылым министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ сейсмикалық стансалар желісі 1 қаңтар Алматы уақыты бойынша 00 сағат 31 минутта жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 361 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.1. MPV магнитудасы – 4,6. Тереңдігі – 5 шақырым.

Жер асты дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеді.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың 6 қарашасында да Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі болған еді.

Полиция департаменті Жедел басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, патрульдік жасақтар қалыптан тыс жайттарды байқап жатқан жоқ, жағдай тұрақты.

Тұрғындардан "112", "101" нөмірлеріне хабарлама түспеген. "Казселденқорғау" ММ ақпаратынша, гидротехникалық құрылыстарда ақау, жарық байқалмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891989-almatydan-361-sakyrym-zerde-zer-silkindi/