Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, бұрқасын, аяз: Синоптиктер 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады

Опубликовано:

Тұман
Фото: pexels.com

Қазгидромет 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде әліде Солтүстік антициклонның жотасы ықпалын тигізеді, ауа-райы көбінесе жауын-шашынсыз күтіледі.

Еліміздің солтүстігі, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік-шығысы және шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, шығысында бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшейюі 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтобе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Манғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерде қатты аяз күтіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК өкілдері 2020 жылдың 31 желтоқсаны мен 2021 жылдың 2 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Синоптиктердің болжамынша, қардың түсуі мен ауа температурасының жоғарылауына ықпал еткен атлантикалық циклонның әсері тек шығыс аймақтарда ғана сақталады.

Қазақстанның қалған өңірлерінде суық антициклонның әсері байқалып, солтүстік және шығыс аймақтарда ауа температурасы түнде 30-35-ке дейін төмендеп, кейбір аудандарда 40 градус аяз болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891992-tman-brkasyn-aaz-sinoptikter-1-katarga-arnalgan-au-rajy-bolzamyn-zasady/

pixel