RU

Ресейде бір тәулікте 27 мың адам коронавирус жұқтырды

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Dmitry Rogulin\TASS via Getty Images

Ресейде бір тәулікте 27 039 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы тәулікте Ресейде 27 039 адамнан коронавирус анықталып, елде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 3 млн-нан асты. Ал вирустан көз жұмғандар саны 57 555 адамға жетті.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстанда "британиялық" COVID-19 штаммының пайда болу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Ержан Байтанаев Қазақстанда осы уақытқа дейін коронавирустың "британиялық" түрі анықталмағанын айтты.

"Британиялық" штаммының ықтималдығын толығымен жою мүмкін емес, өйткені коронавирустың "британиялық" штаммының сырттан келген түрлерінің пайда болу мүмкіндігі бар.

Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ведомстволық зертханаларында сынамалар ПТР сертификатынсыз шетелден ұшып келген Қазақстан азаматтарынан жиналады", – деп атап өтті ол.

Комитет өкілі үлгілерді жинау генетикалық сипаттаманы, сырттан келген формаларды анықтауды және SARS-CoV-2 вирусының мутациялық өзгергіштігін зерттеу үшін қажет екенін айтты.

"Британиялық" штаммға жеке вакцина қажет болмайды. Бір тиімді вакцина адамды COVID-19 барлық штамдарынан сақтай алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892034-resejde-bir-tulikte-27-my-adam-koronavirus-zktyrdy/