RU

Израильде миллион тұрғынға вакцина салынды

Израиль
Фото: Хабар 24

Израильде миллион адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Осыған орай вакцина егу орталығына премьер-министр, денсаулық сақтау министрі мен бірқатар басшы келген.

9 миллионға жуық халқы бар Израильде жаппай екпе егу науқаны 20 желтоқсанда ғана басталды. Сөйтіп, 2 аптадан кем уақыт ішінде вакцинаны миллион тұрғын алып үлгерді. Америкалық «Пфайзер» мен немістің «Байонтек» компаниялары бірлесіп жасаған вакцина алдымен дәрігерлер, медициналық оқу орындарының студенттері мен билік өкілдеріне салынды.

Хабар 24 дерегінше, екінші кезең жасы 60-тан асқандар мен қауіпті топқа кіретін тұрғындарды қамтыды. 1 қарашада Израиль өз вакцинасын клиникалық сынақтан өткізу жұмыстарын бастап кеткен. Оның соңғы кезеңі биыл көктемде аяқталуы тиіс.

Еске сала кетейік, 19 желтоқсаннан бастап Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірлеген отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды.

Оның шеңберінде 3 мың ерікті азаматқа екпе егілуде.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің сөзінше, отандық вакцинаны жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады.

Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады.

Алғашқылардың бірі болып отандық вакцинаны Ерлан Қарин, Асхат Аймағамбетов пен Бердікбек Сапарбаев салдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892037-izrailde-million-trgynga-vakcina-salyndy/