Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңіз кенішінде тағы 42 жұмысшы коронавирусқа шалдықты

Опубликовано:

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Атырау облысындағы Теңіз кенішінде тағы 42 жұмысшы коронавирусқа шалдықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, өткен тәулікте 121 адам қауіпті індеттен сауығып шыққан. Қазір 265 адам үй жағдайында, облыстық инфекциялық стационарда 98, аудандардағы стационарларда 37 науқас ем қабылдап жатыр. Ал, Теңіз кенішіндегі стационарға 627 пациент жатқызылған.

«Өткен тәулікте 65 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР-тест арқылы расталды. Атырау қаласында 13 адамнан, Теңіз кенішінде 42 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 2, Махамбетте – 1, Құрманғазы ауданында 7 адамнан Сovid-19 анықталды. Қауіпті инфекция жұқтырған науқастардың 22-інде ауру симптомды түрде өтуде», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 747 адам коронавирус жұқтырды. Қауіпті індетке шалдыққан аймақтар бойынша көш басында Алматы қаласы тұр. Оңтүстік шаһарда коронавирус инфекциясы бір тәулік ішінде 118 адамнан анықталған.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі КВИ белгілері бар пневмония жағдайына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады. Өткен тәулікте республика аймағында қауіпті коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан он адам көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892060-teiz-kenisinde-tagy-42-zmyssy-koronaviruska-saldykty/

pixel