Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италияда жаңа жылдық отшашудан жүздеген құс қырылып қалды

Опубликовано:

Өлген құстар
Фото: twitter.com/FLVKE96s

1 қаңтарға қараған түні Италия астанасы Рим қаласында аспаннан құстар жауды. Жүздеген қараторғай жаңа жылдық отшашудан сескенгендіктен осындай жағдай орын алған деп хабарлайды zakon.kz.

Corriere della Sera газетінің хабарлауынша, адамдар қаланың әртүрлі бөліктерінде көшенің дәл ортасында құлаған ондаған құстардың, негізінен қараторғайдың фотосуреттері мен видеоларын әлеуметтік желіде тарата бастады.

Италия астанасында отшашуды қолданғаны үшін үлкен айыппұл қарастырылғаны белгілі. Алайда, бұл шулы және қауіпті әрекет жасайтын әуесқойларға тосқауыл бола алмауда.

Адамдардың пайымдауынша, әдетте Термини теміржол станциясының алдындағы Пьяццале деи Чинквечентодағы ағаштарда отыратын қараторғайлар қатты дауыстар мен отшашудың жарқылынан қорқып, қараңғыда бір-бірімен соқтығысып, хаос кезінде байқалмаған билбордтарға, үйлерге және басқасына соғылып, жерге құлаған.

Көптеген құс қорқыныштан туған жүрек талмасына ұшырап, өлген. Қалғандары жерге құлап, жарақат алған.

Еске салсақ, Павлодар облысының Розовка ауылында 1 қаңтарда сағат 00.19-да мерекелік отшашудың ұшқындары 64 жастағы әйелдің бетіне тиген.

Ол "оң көздің зақымдануы, жеңіл дәрежедегі термиялық күйік" деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Қазір жәбірленушінің жағдайы тұрақты.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Қазақстанда отшашулар мен петарда қолданғаны үшін қандай айыппұл салынуы мүмкін екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1892070-italiada-zaa-zyldyk-otsasudan-zzdegen-ks-kyrylyp-kaldy/

pixel