Өткен тәулікте КВИ белгілері бар пневмонияға қанша адам шалдықты
Опубликовано:

Елімізде 2021 жылдың бірінші қантарында коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның тағы жеті дерегі тіркелді деп хабарланды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-каналында.
1 қаңтардағы cтатистикалық мәлімет бойынша коронавирус белгілері бар пневмонияның 7 жағдайы тіркеліп, 3 оқиға өліммен аяқталған. Бұл аралықта ауыр дерттен 16 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 45 946, өлім жағдайлары - 508, барлығы 33 251 адам сауығып шықты.
3 қаңтар күні жарияланған соңғы мәліметтерге сәйкес, короновирус инфекциясынан (10 646 КВИ+ және 12 187 КВИ-) 22 833 адам емделуде, олардың ішінде 4 980 пациент стационарда, 17 853 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 266 адамның жағдайы ауыр;
• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус тағы 714 адамнан расталып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892089-tken-tulikte-kvi-belgileri-bar-pnevmoniaga-kansa-adam-saldykty/