RU

Көкшетаудағы көпқабатты үйдегі жарылыс: Тағы бір бала қайтыс болды

Аурухана төсегі
Көрнекі фото: Thomas Lohnes/Getty Images

Көкшетауда өткен жылдың жетоқсан айында орын алған газ балонының жарылысы кезінде зардап шеккен тағы бір кішкентай қыз көз жұмды. Жасөспірім алған ауыр жарақаттары салдарынан ауруханда қайтыс болған.

Анықталғандай, кішкентай қыз екі апта бойы аса ауыр халде жатқан.

"Еуразия бірінші" арнасының хабарлауынша, жарылыс кезінде зардап шеккен басқа балалардың барлығы ауруханадан шығып, үйлеріне оралған.

Еске сала кетейік, Көкшетаудың көпқабатты үйлерінің біріндегі төтенше жағдай өткен жылдың 20 желтоқсаны күні орын алды. Газ балонының жарылысы салдарынан сегіз адам аураханаға жеткізілді.

Кейін орын алған оқиғаға қатысты жаңа деректер шыға бастады. Зардап шеккендер арасында екі ересек адам мен алты бала бар болып шықты.

29 желтоқсан күні жарылыс кезінде жарақат алған кішкентай қыздардың біреуісі қайтыс болғаны туралы белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892094-kksetaudagy-kpkabatty-jdegi-zarylys-tagy-bir-bala-kajtys-boldy/