Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда қатты аязға байланысты кейбір автобустар тоқтады

Опубликовано:

автобус
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Елордада қатты аязға салдарынан қала маңына қатынайтын бкейбір автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы City Transportation Systems көлік компаниясы Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

"Ауа-райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда" , - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, елімізде ауа райы қолайсыздығы салдарынан бірқатар облыста жол жабылды.

Республика бойынша Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында да тас жолдарда қозғалыс шектелді.

Сонымен қатар, Ресейде қалып қойған қазақстандықтар үйлеріне қайта алмай жатқанын хабарлаған болатынбыз. Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресейдің шекаралық өңірлері арасындағы жолдардың барлығы ауа райының қолайсыздығы салдарынан жабылып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892101-nr-sltanda-katty-aazga-bajlanysty-kejbir-avtobustar-toktady/

pixel