Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Сайлау күні қандай санитарлық талаптар сақталуы тиіс

Опубликовано:

Сайлау
Фото: sputniknews.kz

Мемлекеттің бас санитар дәрігері алдағы сайлауға байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қаулы қабылдады. Құжатта сайлау учаскесіне және комиссия мүшелеріне, дауыс берушілерге қойылатын санитарлық талаптар қарастырылған деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство ақпарынша, сайлау күні сайлау учаскесінде кіре берісте термометрмен келушілердің температурасын өлшеу, сайлаушылардың жүру бағытын көрсететін белгілер қою сынды талаптар сақталуы керек, сайлау комиссиясы мүшелері 3 сағат сайын маска ауыстыруы тиіс, қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлер болуы керек, жиһаз бен техникалық жабдықты бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр қашықтықта орналастыру, кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтық сақтау, келушілердің дене температурасы көтерілген (37ºС жоғары) жағдайда, адамды оқшаулауға арналған жеке кабинет болуы қажет.

Сайлаушылар сайлау учаскесіне келгенде медициналық немесе қорғаныс маскасын және қолға арналған антисептикалық құралды пайдалануы керек. Үйде емделуіне байланысты оқшаулау режиміндегі немесе коронавирус инфекциясына байланысты карантинде отырған дауыс берушілер сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру туралы өтініш білдірген жағдайда сайлау комиссиясының мүшесіне хабарлауы тиіс.

Ал сайлау учаскелерінде тұрақты жұмыс істейтіндер, жоғары және орташа қауіпті аймақтардағы сайлау комиссиясының мүшелері, бақылаушылар мен сенімді адамдар 5 қаңтар мен 9 қаңтар аралығында тексерілуі тиіс және ПТР-тест нәтижесі таза болуы қажет. СК мүшелері, бақылаушылар және сенімді адамдар тегін тексеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892113-covid-19-sajlau-kni-kandaj-sanitarlyk-talaptar-saktaluy-tiis/

pixel